Тәліптер Дохадағы Ауғанстан жөніндегі конференцияға қатысудан бас тартты

867
Adyrna.kz Telegram

Талибан 18-19 ақпанда Дохада өтіп жатқан БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі конференциясына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ауғандық тәуелсіз Hasht e Subh Daily интернет газетіне сілтеп.

Талибан Катар кездесуіне қатысу үшін екі шарт қойды:

  • олардың делегациясы форумдағы жалғыз ауған өкілі болуы керек;
  • БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қозғалыспен тікелей келіссөздерге кірісуі керек.

Ұйымдастырушылар тарапынан келісім болмағандықтан, Талибан конференцияға бойкот жариялауды ұйғарды.

Сонымен қатар, тәліптер БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілін тағайындауға үзілді-кесілді қарсы, алайда Дохадағы конференцияның екінші күні осы рәсімге арналған болатын.

Дохадағы кездесу жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Оған 20-ға жуық елдің, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, АҚШ, ЕО елдері және т.б. Ауғанстан бойынша өкілдер қатысуда. Конференцияға қатысуға Ауғанстанның азаматтық қоғам өкілдері мен әйелдері де шақырылған. Айта кетейік, Талибанның өтініші бойынша Ресей делегациясы белсенділермен кездесуге қатыспайды.

БҰҰ аясында Ауғанстан бойынша өткен кездесу 2023 жылдың 1 мамырында өткен болатын. Оған әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан өкілдер қатысты. Оған қоса, оған БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы Роза Отунбаева мен осы елдегі жағдайды тәуелсіз бағалау бойынша жуырда ғана тағайындалған арнайы үйлестіруші, Түркияның БҰҰ жанындағы бұрынғы тұрақты өкілі Феридун Синирлиоглу қатысты. Кейін ақпан айындағы кеңесте қаралатын баяндама мен ұсыныстар дайындады.

Пікірлер