Қазақстан билігі активтерді қайтару жөніндегі ақпараттың қолжетімділігіне шектеу қойды

1519
Adyrna.kz Telegram
фото: GOV.KZ
фото: GOV.KZ

Қазақстан билігі активтерді қайтару туралы ақпаратқа қол жеткізуді шектеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қорытындысы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңымен белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін бірқатар олигополия субъектілерін Тізілімге енгізу туралы шешім қабылданды.Инвестициялық, беделді, әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен факторларды ескере отырып, Тізілімнің мазмұнын Комиссия таралуы шектеулі ақпаратқа жатқызды», - деп жұма күні Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратураның Активтерін қайтару жөніндегі комитетіне субъектілерді олардың Тізілімге енгізілгені туралы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау көрсетілген.

«Тізілімге енгізілген тұлғалар өздеріне тиесілі активтерді иеліктен шығару, ауыртпалық салу немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы Комитетті алдын ала хабардар етуге міндетті. Комитет активтерді заңсыз шығару схемаларына тартылған тұлғаларды, олардың орналасқан жерін, құнын, сондай-ақ сатып алу белгілері мен көздерін анықтау мақсатында ақпаратты мониторингілеу және талдау бойынша жұмысты жалғастыруда», - деп толықтырды ведомство.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер