Алматы облысында тұрғын үйден өрт шықты

1281
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында тұрғын үйде газ балоны жарылып, алапат өрт болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

21 қазан күні Талғар ауданындағы тұрғын үйде болған алапат өрттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға орнында болған куәгерлер қызыл жалынның қалай басталғанын түсіріп алған.

Бейнежазба авторы өртке оранған үйде газ балоны жарылып, қатты дауыстың естілгенін айтады. Өзге тұрғындар да бұл жарылысты естігенін айтып, кейін қою қара түтінді байқаған.

Ал Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, үйде газ балоны жарылмаған.

"21 қазан күні сағат 19:06-да Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Талғар қаласына кезекті шақыртуға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде Амангелді көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жалпы алаңы 150 шаршы метрді құрайтын шаруалық құрылыстары, монша, сарай өртеніп, жоғары температураның әсерінен шатырдың қаптамалары еріген белгілі болды",-делінген.

5 техникасы жұмылдырылып, қызыл жалынды сөндірген.  Өрттен зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Пікірлер