Сібір жарасын жұқтырғандар анықталды

1268
Adyrna.kz Telegram
Фото: lab4u
Фото: lab4u

Астанада сібір жарасын жұқтыру фактісі тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 2023 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша, елімізде сібір жарасын жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында– 15, Қарағанды облысында – 3, Астанада – 1 (сырттан келген, ауру белгілерінсіз жағдай) тіркелген. Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған.

Ведомство мәліметінше, сібір жарасын жұқтырудың соңғы деректері 24 қарашада Қарағанды облысында тіркелген. Ауру жұқтырған науқаспен 31 адам байланыста болған. Қазір олардың бәріне бекітілген медициналық бақылау мерзімі аяқталған. Яғни, байланыста болған адамдардан сібір жарасының белгілері анықталмаған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер