Тасмағамбетов тұсындағы оқиға. ҰҚШҰ саммитіне Пашинян қатыспайды

1240
Adyrna.kz Telegram
Фото: Аrka news
Фото: Аrka news

Ақыры, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бүгінгі саммитіне қатыспайтын болды. Оған өкініш білдірген Кремль Арменияның бұл жиынға эксперттер деңгейінде болса да қатысуына мүдделі. Бұл туралы URA.RU агенттігінің сауалына жауап берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Әрине, Арменияның бұл саммитке  қатыспағанына өкініш білдіремін. Сарапшылық деңгейде қатысу болады деп үміттенеміз. Біз Арменияның ҰҚШҰ аясындағы жұмысын жалғастырады деп күтеміз», - деді Песков.

23 қарашада Минскіде ҰҚШҰ саммиті өтеді. Ресей атынан президент Владимир Путин қатысады. Орталық Азиядан Тәжікстан мен Қырғызстанның басшылары жиынға басқалардан бұрын жетіп алды.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық саясаткер Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы болып тағайындалғанына бір жыл толды.

Ол ҰҚШҰ-ның 2022 жылғы 23 қарашадағы шешімімен ол үш жылдық мерзімге (2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін) Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы лауазымына тағайындалған еді.

 

 

Пікірлер