Қазақстанда жасанды интеллект саласында бірқатар жобалар жұмыс істейді

1226
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізде қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жасанды интеллект саласындағы жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Қазақстанда қазірдің өзінде денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, смарт қалалар сияқты түрлі салаларда алгоритмдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, денсаулық сақтау саласында Cerebra (инсульт белгілерін диагностикалауға көмектесу), Aident (ортодонт дәрігерлеріне көмек), Smart ECG (электрокардиограмманы қашықтан интерпретациялау), PneumoNet жүйесі (өкпенің он жеті патогенді ауруын анықтау) сияқты жобалар бар. Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болды», - деді министрлік ҚазАқпарат редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Смарт қалалар саласында TargetAI, Sergek Group және Beyne.ai жобалары жасанды интеллект технологияларын, үлкен деректерді өңдеуді және қала сыртындағы мониторингті пайдалана отырып, бейне мәліметтерді талдау мүмкіндігін береді.

«Қазіргі уақытта NEURON OIL бағдарламалық жасақтамасы жұмыс істейді, бұл мұнай өндіруші компанияларға деректер негізінде дұрыс игеруді басқару шешімдерін қабылдауға және ұңғыма оқиғаларына көп факторлы талдау жасауға көмектесетін машинаны оқыту алгоритмі», - деп қосты департаментте.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер