Талдықорған полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

1320
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Талдықорған қаласына жаңа полиция басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Талдықорған қаласының полиция бөлімін Ернар Ширбаев басқарады.

«Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының жаңа басшысы «полиция подполковнигі» арнайы шеніне ие болған Ернар Мырзахметұлы Ширбаев бұған дейін Жетісу облысы Ақсу аудандық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған», - делінген хабарламада.

Ернар Ширбаев жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер департаментіндегі қызметін Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған.

2011-2022 жылдары Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Ақсу, Ескелдин, Алакөл аудандары мен Алматы облысы Қарасай ауданының ішкі істер бөлімдерінде басшылық қызметтерді атқарған.

2022 жылдың шілдесінде Жетісу облысы Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Еске салайық, Талдықорған қалалық ІІБ-нің бұрынғы басшысы Марат Күштібаев 13 қарашада өз кабинетінде облыстық орталықтың 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Қазір ол тергеуде.

Пікірлер