«АрселорМиттал Теміртаудың» атауы ресми түрде өзгерді

1720
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атауы ресми түрде QARMET болып өзгерді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды.

«Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек»,— деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын жариялаған болатын.

Пікірлер