Әзірбайжан президенті Қарабаққа 140 мыңға жуық босқынды қоныстандыратынын мәлімдеді

3945
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әзірбайжан Респубоикасы президентінің сайты
Фото: Әзірбайжан Респубоикасы президентінің сайты

Әзірбайжан Қарабаққа 140 мыңға жуық адамды, оның ішінде аймақтан кеткен босқындарды қоныстандырмақ. Бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ильхам Әлиевтің айтуынша, бұл жоспар 2026 жылға дейін жүзеге асырылады. Оралғысы келетін армяндар Әзірбайжан азаматтығын алуы тиіс.

Сондай-ақ, ол Қарабақтың инфрақұрылымдық және тұрғын үй нысандарына инвестиция салу қажет екенін атап өтті. Инвестицияларының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика, күн және жел энергетикасы, туризм.

«Оралғысы келетіндер оған құқылы. Олардың мүлкі қорғалған. Барлық тарихи және діни нысандар да солай. Оралу үшін белгілі бір ережелерді сақтауы керек. Қалғысы келетіндер Әзірбайжан азаматтығын алуға өтініш тапсыруы керек»,– деді Ильхам Әлиев.

Пікірлер