Депутаттар “Адал тұлға” сыйлығымен марапатталды

3482
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мақсат Толықбайдың инста парақшасынан
Фото: Мақсат Толықбайдың инста парақшасынан

Бір топ мәжіліс депутаттары "Адал тұлға" сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі newsroom.kz порталына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні бірқатар депутат lX Ұлттық сыйлығы "Адал тұлға" медалімен марапатталды.

"Адал тұлға" атағын алғандар - Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбай.

Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні — ІХ ҰЛТТЫҚ сыйлығы.  "Адал тұлға" медалімен марапатталған әріптестерім Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытовты құттықтаймын", - деп жазды депутат.

"Адал тұлға" медалінің иегері Ринат Зайытов орталыққа алғысын білдіріп, әріптестерін де құттықтады.

"Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі мен ақпараттық жұмысы үшін " деген марапатқа лайық деп таныпты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығына алғыс білдіремін. Марапатталған әріптестерім: Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Марат Башимов, Бақытжан Базарбек, Мақсат Толықбайды шын көңілден құттықтаймын. Сыбайлас жемқорлықпен күресіміз енді ғана басталуда. Алда талай жұмыс, талай сынақ бар. Мұратымызға жетуді бұйырсын!", - деп жазды Ринат Зайытов желідегі парақшасында.

 

Пікірлер