Серікзат Дүйсенғазы оқыстан қайтыс болған ұлына әсерлі жазба арнады

2321
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына арнап жантебірертерлік жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Биыл ақынның ұлы Әлихан Серікзатұлының өмірден озғанына жылдың жүзі болды. Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, жанашыр жандарды ұлының жылдық асына шақырды.

"Былтыр дәл осы уақытта Әлихан мені мектебіне "Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" деген еңбегін  бірге талдайық, әке" деп шақырған еді. Асығып жүріпті ғой қарғам. Содан бері доптай домалап бір жыл өте шығыпты. Өзінің оқыған N9 "Зерде" мектебінен "Әлихан Мақсұт атындағы физика лабораториясын", "Академия Реал" қазақ-испан мектебінен "Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығын" ашсақ деп талпынып жатырмыз. Алла сәтін салса, ол күн де алыс емес. Баламның жылдық асын қай уақытта берсем екен деп біраз ойландым. Біреулер ертерек бере берсең болады деді. Бірақ оны өзім қабылдай алмадым. Тәуелсіздік мерекесі, артынша жаңа жыл деп шабылып жүрген елдің бізге мойын бұруға мұршасы болмай қалатынын да  есепке алдым. Ойлана келе асты 3 қаңтарға белгіледім. Өйткені 2 қаңтар күні қас қарая дүниеден өтті. 4 қаңтар күні жамбасы жерге тиді. Оның үстіне 3 қаңтар барлық жер демалады. Оны да ескердік. Сондықтан жанашыр ағайынды Әлиханымның жылдық асына шақырамын. Ата дәстүріміз бойынша соңғы міндетті жиыны ғой. Келіп Құранға қатысыңыздар", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, ақын 49 жасында екінші рет ұлды болды.

Пікірлер