Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатысты үкім шықты

1218
Adyrna.kz Telegram
Фото: Rsk.almaty.kz
Фото: Rsk.almaty.kz

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 желтоқсанда Қостанай қаласының No2 соты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмат Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол кәсіпкерге жалпы қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген Антикор хабарламасында.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер