Әлиев те қайта сайлауға түспек

1052
Adyrna.kz Telegram
Фото: AFP 2023 / Kenzo Tribouillard
Фото: AFP 2023 / Kenzo Tribouillard

2024 жылдың 7 ақпанында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауда биліктегі Жаңа Әзірбайжан партиясынан үміткер қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Әзірбайжан Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасы орынбасары Таир Будагов мәлім етті.

Оның айтуынша, президенттікке кандидат партия алқасының отырысында ұсынылады.

Будагов кездесу уақыты жақын күндері белгілі болатынын айтты.

7 желтоқсанда Ильхам Әлиев Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауды жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер