ШҚО-да өзен арнасынан асып, үйлерге су кірді

1236
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Өрел өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өзен арнасына мұз қатып, соның салдарынан судың деңгейі көтерілген. Су 3 үйге кіріп, 9 үйдің ауласына жайылды»,—делінген хабарламада.

Аудан әкімі Ділдар Қалтқанның айтуынша, қазіргі таңда төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Арнайы техникалар жұмылдырылды. Мотопомпалармен суды сыртқа шығарды. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды. Өзен арнасын қар-мұздан тазарту жұмысы жалғасуда. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық тиісті жұмыстар қолға алынған»,—деді ол.

Пікірлер