«Ең үлкен гонорар». Шавкат Рахмонов UFC 296-да қанша сыйақы алғаны белгілі болды

1111
Adyrna.kz Telegram
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың америкалық Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.

Ол жеңісі үшін 306 мың АҚШ долларын алған. Бұл шамамен 141 миллион теңге.

MMA Salaries мәліметтері бойынша, бұл жекпе-жек үшін "Nomad" мансабындағы ең үлкен гонорарды – 306 мың доллар алған (150 мың жекпе-жекке қатысқаны үшін, 150 мың доллар – жеңіс үшін және тағы 6 демеушілік бонус бар).

Алайда оның қарсыласы көбірек табыс тапқан. Томпсонға берілген қаражат 416 мың долларды құраған (жұдырықтасуға шыққаны үшін 400 мың және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16 мың доллар).

Гонорарын көп алған боксшылар:

  • Леон Эдвардс - $1.642.000
  • Александр Пантожа - $942.000
  • Колби Ковингтон - $782.000
  • Коди Гарбрандт - $511.000
  • Стивен Томпсон - $416.000
  • Шавкат Рахмонов - $306.000

Еске сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА-дағы мерзімінен бұрын 18-ші, UFC-дегі 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Отандық боксшы Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген.

Пікірлер