Назарбаевтың Мәскеуде қайда орналасқаны айтылды

1337
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге ұшып барып, Кремль маңында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тоқтаған Ritz-Carlton қонақүйіндегі дәл сол пәтерлерге орналасқан, деп хабарлайды « Адырна ұлттық порталы «Взгляд на Восток» телеграм сайтына сілтеме жасап.

«Буданбай – Қазақстан және Орталық Азия» телеграм-арнасының авторы Антон Бударовтың айтуынша, Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесу жоспарлаған:

«Республикадағы бұрынғы ықпалынан айырылған Назарбаев бұрынғы орындарына қайта оралу үшін Мәскеудің қолдауына ие болғысы келеді. Нұрсұлтан Назарбаев оны Кремльде, ең болмағанда, жоғары лауазымды басшылар қабылдайтынына сенімді болмаса, келмес еді», - деп жазылған жазбада.

Назарбаев соңғы уақытта айтарлықтай белсенділік танытты. Айта кетерлігі, «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» кітабында бүтін бір тарауды Путинге және оның Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы оң рөліне арнаған. Ұзақ үзілістен кейін ол «Astana Club» пікірталас алаңын жинап, онда әлемдік саясат туралы көп айтты. Дегенмен оның Ресей басшысымен кездесуге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді ТМД елдері институты директорының орынбасары Владимир Жарихин:

«Назарбаевтың 2022 жылғы қаңтар оқиғасындағы рөлі барған сайын айқын бола түсуде. Оның Мәскеуге жеке тұлға ретінде келуіне ештеңе кедергі болмаса да, болған оқиғадан кейін ресми кездесулерге сенудің қажеті жоқ. Владимир Путин енді президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенді жөн көретін шығар»

Еске сала кетейік, экс-президенттің Тәуелсіздік күні Ресейде жүргенін хабарлаған болатынбыз.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер