Қаңтардан соң жауыздық жасағандар Тоқаевтың атын жамылғысы келді - Талғат Теменов

1703
Adyrna.kz Telegram

Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов елдегі саяси жайттарға баға беріп, Қаңтар оқиғасына қатысты ойын жеткізді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ол "Адал Адам" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

Талғат Теменов Қаңтар оқиғасын қолдан істелген дүние деп атап, ақылға сыймайтын фашизм әрекеттері жасалды деп сипаттады:

"Тоқаев халыққа сенді, халық Тоқаевқа сенді. Тоқаевтың атын жамылған қанішерлер президентті қаралап адамның ақылына сыймайтын фашизмге дейін барды. Бұл - мемлекеттік төңкеріс. Оны ұйымдастырғандар Олжас Сүлейменов айтпақшы, Назарбаевтың қасындағы жандайшаптары" деді ол.

Сонымен қатар ол Назарбаевтың 30 жылдық билігіндегі айтылған сөздерін сынады.

"30 жыл бойы тозаққа түстік. Дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деген сөздер, көшенің тілімен айтқанда құлақтан тепкен идеология болды" деді ол.

"Адамның болмысында ғылым мен білім болмаған жерде көмекке дін келеді. Ресми емес, өзге дін ағымдары келеді. Біздің қазақтың соры басқа ағымдар ма деп қорқамын" деді Талғат мырза дін мәселесіндегі актуалды дүниелерді қозғай кетіп.

Пікірлер