«Денесін өртеп жіберген». Танысын өлтірген екі ер адам ұсталды

1735
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қаласының ПД
Фото: Алматы қаласының ПД

Осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген.

"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Пікірлер