Жаңа жылда отшашу атқандарға айыппұл салынады

1166
Adyrna.kz Telegram
Фото: ex-news.com
Фото: ex-news.com

Қазақстандықтарға отшашу атқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Әкімшілік полиция комитеті жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігі осы әрекет туралы. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  20 АЕК (2023 жылға - 69 000 теңге және 2024 жылға - 73 840 теңге) айыппұл салынды», - деді.

Пікірлер