Зардап шеккендер жоқ. Есік қаласында сауда орталығы өртенді

1255
Adyrna.kz Telegram
Фото: Петр Карандашов
Фото: Петр Карандашов

Есік қаласында сауда орталығы өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24 желтоқсан күні сағат 03:35-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Фрунзе және Алматы көшелерінің қиылысында алапат өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай билбордтар, жиһаз сататын сауда үйі және "Со склада" азық-түлік дүкені павильондары өртенген. Қызыл жалын "Пассаж" сауда үйінің шатырына, одан әрі "Шамшат" сауда үйіне ұласқан. ТЖД өрттің оқшауланғанын айтты.

Оқиға орнына алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшелері сағат 03:40-та "Пассаж" сауда үйінің павильондары, дүкендері мен шатыры отқа орану фактісін тіркеді. Сонымен қатар, жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары шақырту  бойынша оқиға орнына тартылды. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі - өрт туралы хабардың кеш берілуі. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 06:20-да өрт оқшауланып, сағат 07:40-та толықтай жойылды. Өрттің жалпы ауданы 1958 шаршы метрді құрады, - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және сынақ өрт зертханасының бастықтары оқиға орнында болды. Қызыл жалында алауыздықтауға ТЖД-ның 34 қызметкері мен 11 техникасы, жол патрульдік қызметінің 6 қызметкері, 3 техникасы және жедел медициналық жәрдем бригадасының 2 техникасы жұмылдырылды.

Пікірлер