Екінші Бердімұхамедов бірінші кітабын шығарды

1100
Adyrna.kz Telegram
Телеарна кадрынан
Телеарна кадрынан

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов өзінің алғашқы кітабын шығарды. Бұл туралы ол 25 желтоқсанда өңір басшылары мен Премьер-Министрдің агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі орынбасарының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Orient.tm сайтына сілтеме жасай отырып.

Кітап «Ýaşlar – Watanyň daýanjy» («Жастар – ел тірегі») деп аталады, онда түркімен жастарының жеңістері мен жетістіктері баяндалады.

Басылымның шығуы 27 желтоқсанда өтетін «Арқадағы сердармен бақытты жастар» жыл қорытындысына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен көрмеге орайластырылған.

Сердар Бердімұхамедов кітаптың алғашқы данасын әкесі, Түркіменстанның «Халқ Маслахаты» (Халық кеңесі) төрағасы, бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке жолдады.

«Мен бұл кітаптың алғашқы данасын түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы Батыр Аркадагқа сыйлық ретінде жіберіп отырмын», - деп келтіреді Түркменпортал президенттің сөзін.

Еске салайық, Гурбангулы Бердімұхамедов 16 жыл ішінде өз атымен түрлі тақырыпта 60-қа жуық кітап шығарған. Оның ішінде медицина, философия, мәдениет, руханият, алабай иттері, ахалтеке жылқылары, спорт тақырыптарына арналған еңбектер және Арқадағы ата-бабаларына арналған бірқатар романдар (меценат; Бердімұхамедов осы атауды ресми түрде алады) бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер