Солтүстік Қазақстан облысында төрт браконьер сотталды

1276
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында екі елікті атқан төрт браконьер сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Астана қаласының екі тұрғыны және екі солтүстік қазақстандық Қызылжар ауданындағы ұлттық табиғи парктің аумағында екі елікті заңсыз атып алған.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, айыпталушылар өз кінәсін мойындамаған және істеген істеріне өкініш білдірмеген.

Петропавл қалалық соты төрт браконьерді 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ олардан келтірілген материалдық шығын - 4,5 млн теңге өндіріліп алынады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұдан басқа 53 сібір елігін заңсыз атқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 4 адамға қатысты іс қаралып жатыр. Қылмыскерлер келтірген шығын 68 млн теңге.

2023 жылы СҚО соты заңсыз аңшылық үшін барлығы 12 іс бойынша 21 адамды соттады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер