«Шындықты шырақ етіп ұстаңыз». Бүгін Жұмабек Кенжалиннің туған күні

1045
Adyrna.kz Telegram

Бүгін журналист, Журналистер Академиясының академигі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» Жұмабек Кенжалиннің туған күні. Ол 1954 жылы 30 желтоқсанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы «Жаңа тұрмыс» колхозында туған.

1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тамамдаған соң, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1986— 1988 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды. 1997 — 1999 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Шығармалары республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр. «Желкілдеп өскен құрақтай», (1988, «Өнер»), «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз» (1998, «Қазақстан»), «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» (2005, «Өлке») деп аталатын деректі әңгімелер мен эсселер кітаптарының авторы.

Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі — академигі (2001).

Журналист 2017 жылы, 24 маусымда 63 жасына қараған шағында дүниеден озды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер