Алматы әуежайының экс-президенті Айбол Бекмұхамбетов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

1312
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Алматы әуежайының бұрынғы президенті Айбол Бекмұхамбетов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасай отырып.

Бейсенбі күні Алматы сотында Бекмұхамбетовке қатысты 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотталғаны туралы ақпарат расталды.

Сондай-ақ Авиациялық жанар-жағармай қызметінің бұрынғы басшысы Қуаныш Тұмышев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Бекмұхамбетов пен Тұмышевтан Алматы әуе айлағының пайдасына 913 165 АҚШ доллары немесе 417 891 698 теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өндіру туралы шешім қабылдады.

Келтірілген залалды өз еркімен өтеуге 1 ай мерзім беріледі.

Айыпталушылар кінәсін мойындамады, ал Бекмұхамбетов оның қылмыстық қудалауының тапсырыспен орындалғанын және оның артында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың серіктесі - әуежайдың Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Раушан Сағдиева тұрғанын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер