Өзбекстан АИ-80 бензинін өндіруді толығымен тоқтатпақ

1076
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан Қазақстанның экологиялық зиянды отын өндірісінен бас тарту тәжірибесін қолданыста пайдалануға ниетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ сайтына сілтеме жасап.

Біздің ел АИ-80 маркалы бензинді өндіруді алты жыл бұрын тоқтатқан. Одан кейін отандық зауыттар K4 және K5 стандарттарына сай өнім шығаруға ден қойды.

Ал Өзбекстанда АИ-80 әлі де кеңінен қолданылады. Мұнай өңдеу зауыттары өндірісті қысқартпай отыр. Жағдай 2026 жылға қарай өзгереді деп күтілуде. Үкімет алдағы 2 жылда өндірісті экологияға зиянды бензин түрінен еуропалық стандарттарға сай келетін жоғары октанды бензинге қайта бағыттауды көздеп отырғаны белгілі болды.

“Әрине халық осы арзан, танымал маркалы бензинге үйреніп қалған. Өйткені бұл жай ғана арзанырақ. Адамдар жоғары сортты бензинге ауыса алмайды. Өйткені олар қымбатырақ. Жеке жанармай құю бекеттерінде АИ-80 8 мыңға жуық болса, 92 кем дегенде 12 мың сом тұрады”, - деп жеткізді энергетика сарапшысы Бахтиёр Ергашев.

Өлардың айтуынша, отынның басқа түрлері көпшілік үшін қолжетімсіз болып барады. Ал оларға сұраныс аз. Мысалы, Global Petrol Prices мәліметтері бойынша, көршілерімізде АИ-95 бір литрі бір доллардан қымбат. Қырғызстандағы баға да осындай. Ал Қазақстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда екі есе арзан. Біздің ел бензин бағасының әлемдік тізімінде 11-ші орында. Мамандардың айтуынша, баға еліміздегі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Импорттаушы елдер үшін соңғы өнім қымбатырақ тұрады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер