6 мың қазақстандық қайтыс болғаннан кейін органдарын донорлыққа беруге келісті

1117
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақстанда 40 мың адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға ниет білдірді, оның 15 пайызы адамдарды құтқару үшін ағзаларын беруге келісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Бүгін 40 мың адам өз ниеттерін білдірді, оның 15 пайызы өз органдарын беруге келісті», - деді министр Ажар Ғиният үкімет отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар трансплантациялау мақсатында қайтыс болғаннан кейін органдарын беруге келісім беру немесе бас тарту ниетін тірі кезінде тіркей алады. Ол үшін тіркелген жеріңіздегі емханаға немесе электронды үкімет сайтына хабарласуыңыз қажет.

Денсаулық сақтау министрі желтоқсан айында үлкен трансплантация жасалғанын, екі донор тоғыз адамды аман алып қалғанын айтты.

Ал министрдің өзі қайтыс болғаннан кейін донор болуға келіскенін айтты.

Пікірлер