Үш облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу қойылды

946
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Ауа-райының нашарлауына байланысты Қазақстанның үш облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазавтожолға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында– 1 учаске

1. “Алматы-Ташкент-Термез” 159-238 км Кенен а. - Қайнар а. – 79 км.
(тұман, шектеулі көрініс, жел)

Қостанай облысында– 1 учаске

1. “Жезқазған-Петропавл” 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Аркалық қ. – 83 км.
(Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында– 1 учаске

1. “Жезқазған-Петропавл” 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км.
(бұрқасын, шектеулі көрініс)

Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылғаны атап өтілді.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер