Алматыдағы лай көшкіні. Бір адамның денесі табылды

947
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Алматыда лай басып қалған үйінді астынан бір адамның денесі табылды. Сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша Алматыда лай көшкіні болған жерде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құтқарушылар осы үйде тұратын әйел мен ер адамды, сондай-ақ бүгін сабаққа келмеген баланы іздестіріп жатыр.

182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Лай басып қалған үйде тұратын адамдардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына иттер де тартылды.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануы салдарынан лай көшкіні болды.

Пікірлер