Сәтбаевта не болды? Сейсмологияға қатысты қайшылықты мәлімет тарады

1631
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Ұлытау облысында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Тіркелген деректерге сәйкес, жер асты дүмпулері 14 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да тіркелген.

"Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Магнитудасы-4,6. Энергетикалық класс - 11", - делінген Қазақстандық деректер орталығының хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі болса, "сезілмеген сейсмикалық оқиғалар" туралы хабарлады.

"14.02. сағат 08.00-ден 11.42-ге дейінгі аралықта Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» ЖШС бас геомеханигі Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмыс істеп тұрған №65 шахтасында бос орындарды мәжбүрлеп жоспарлы өтеу орын алғаны туралы хабарлама түсті, соның салдарынан сезілмеген сейсмикалық оқиғалар тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері (шамамен 20 км қашықтық) шықты", - делінген министрлік хабарламасында.

Дегенмен, жер сілкінісін онлайн көрсететін базаларда соңғы тәулікте Орталық Азия бойынша жер сілкінісі тіркелмеді.

Бірнеше күн бұрын желіде "жер сілкінісі болады" деген ақпарат тараған болатын. Алайда Алматыдағы брифинг барысында Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев жер сілкінісі күтілмейтінін мәлімдеді.

"2024 жылға 70 пайыз қатты жер сілкінісі күтілмейді", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Пікірлер