АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі Мәскеуде жоспарланып жатқан теракт туралы айтты

1337
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі экстремистер алдағы 2 күнде Мәскеуде теракт жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW.com-ға сілтеме жасап.

Елшілік көпшілікті адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға және БАҚ-тағы жаңалықтарды қадағалап отыруға шақырды.

«Экстремистердің Мәскеудегі көпшілік іс-шараларда, соның ішінде концерттерде лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруды жоспарлап жатқаны туралы ақпаратты қадағалап отырмыз. АҚШ азаматтарына алдағы 48 сағат ішінде адамдардың көп жиналуына жол бермеуге шақырамыз»,—делінген хабарламада.

Пікірлер