Бишімбаевтың ісі. Бас прокуратура мәлімдеме жасады

1088
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Nur.kz-ке сілтеп.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген.

Медиа-кеңістікте Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр.

"Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады", - делінген хабарламада

Пікірлер