Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды

4248
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды. Онда 41 адамның деректері бар, - деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі Crocus City Hall-да болған терактіде қаза тапқандардың жаңартылған тізімін жариялады. Қаза тапқан 41 адамның жеке мәліметтері анықталды.


Фото: mz.mosreg.ru

Ал Mash Telegram арнасы Крокустағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 44 адамның, оның ішінде екі баланың жағдайы нашар екенін хабарлады. Зардап шеккен тағы 16 адамның, оның ішінде бір баланың жағдайы тым ауыр.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Пікірлер