Қытайлар Құранды әжетханаға тастап, өртегенде неге мәу демеді?

5287
Adyrna.kz Telegram

Қытай коммунистік билігі миллиондаған мұсылман халықтарын, атап айтқанда қазақ, ұйғыр,қырғыз, т.б аз ұлттардың сенімін қорлап,адами құқықын аяқ асты етіп, Ислам дінінің қайнар көзі болған Құранды әжетханаға тастап яки өртеп,одан қалса мінәжат ететін мешіттерді жаппай қиратты.

Сол кезде бір әу демеген Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен ережесіз жекпе-жек, яғни UFC спортының әлем чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовтің прогрессивті Франция мемлекетінің басшысы Эмманиул Макронның жеке басына мәжіліс депутаты "Бекболат Тілеухан" сияқты қарғыс жаудырып,тіл тигізгені меніңше таңғаларлық оқиға болып тұр?!.Мен Қытайдағы этноцид пен геноцид туралы ТМД және Орта Азия аумағындағы мүфтилер кеңесі мен Рамзан Қадыровтың ҚХР билігіне тоқтау айтып, миллиондаған түркі бауырларымызға араша түсуі туралы Шешенстан президентінің әкімшілігіне бір жыл бұрын ресми түрде өтініш хат жібергем.Содан еш жауап болған жоқ,бірақ керісінше мына кешегі Франциядағы Мұхамед пайғамбардың карикатурасына байланысты бәрі ызаланып (мұсылмандар) өре түрегелді.

Мұсылмандардың (саны шамамен дүние жүзінде бір жарым миллиард) ыза мен ашуға булыққан эмоциялық наразылығын (парадокс) қалай түсінуге болады? Әлде "мұсылман елдерінің басшылары мен олардың артынан ерген топ" дене мүшелерін қара нарықта оңды-солды сатып, бейкүнә қыздарды зорлап, қандастарымызды жаппай қытайландыруға жол берген Қытайдың қандықол басшысы Си Цзиньпинге рухтары (духтары) жетпей ме? Немесе сол Сирия,Ливия сияқты қырғи-қабақ соғыстан көз ашпаған,яғни Таяу Шығыстағы кедей - бейшара босқын мұсылмандарды құшақ жайып қарсы алып,әлеуметтік жағдай жасаған демократиялық Франция билігіне ғана әлдері келе ме? Сұрақ көп,жауап жоқ....

Тұрарбек ҚҰСАЙЫННЫҢ жазбасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер