Тұтқындалған мәслихат депутаты «Нұр Отаннан» шығарылды

7187
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты Аркадий Ни «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі партияның Ақтөбе облыстық бөлімшесіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ниді заңсыз іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен ұстау фактісі бойынша біз сіздерге "Нұр Отан" ХДП партиялық бақылау комиссиясы Арқадий Ниді "Нұр Отан" партиясының билетінен айыру туралы мәселені қарауды облыстық филиалдың саяси кеңесі бюросына ұсынғанын хабарлаймыз", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабы "Адам саудасы" бойынша  Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін Kozachkov offside Telegram арнасында Ақтөбеде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болды деген күдікпен ірі кәсіпкер ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер