ШҚО-да нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр

3515
Adyrna.kz Telegram

ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылуда, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз мейрамына орай Аягөз ауданаралық ауруханасында мерекелік көңіл-күй орнауда. Перзентханадан шығатын алғашқы бес нәрестеге ұлттық киім кигізіп, ерекше дәстүрмен үйлеріне шығарып салынды.

16-наурызда Үржар өңірінен екі, ал Аягөзден үш періште дүниеге келген еді.

«Мен Аягөз ауданаралық ауруханасында екінші сәбиімді дүниеге әкелдім. Күтпеген жерден дәрігерлер ұлттық киіммен келіп, біздің балаларымызға ұлттық нақыштағы киімдер сыйға тартылды. Ал үлкендерге Наурыз көжеден дәм ұсынылды», - дейді Үржарлық ана Саяжан Сәрсенғали.

Медициналық мекеме сәбилерге арналған ұлттық киімнің санитарлық талаптарға сәйкес зарарсыздандырылғанын айтты.

Енді, мейрам аяқталғанша Аягөз ауруханасында дәл осы форматта босанған әйелдер шығарып салынбақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер