Қалижанов пен Кожедуб

2790
Adyrna.kz Telegram

(Белгісіздеу бір сурет)

Мəскеу. 1990 жылғы 14 сəуір. Əйгілі ұшқыш, Кеңес Одағының үш дүркін батыры, авиация маршалы Иван Кожедуб "Россия" қонақ үйінің зəулім залында өтіп жатқан комсомол съезінің делегаттарымен кездесуге келді. "Комсомол тарай ма, тарамай ма?" деген мəселе төңірегінде үш-төрт күннен бері қызыл кеңірдек болып айтысқан делегаттар даңқты ұшқышпен жүздесіп қалуға асықты. Бірақ солардың ішінен "Лениншіл жастың" бас редакторы, менің бастығым Уəлихан Қалижановқа Кожедубтің көбірек көңілі ауғаны...

Сол жылдарда Мəскеуден шықпайтын Уəкең съезд қонағын бұрын да көрген бе, əйтеуір білмеймін, екеуі едəуір уақыт шүйіркелесіп тұрып алды. Сөйтіп, жауға жасын ойнатқан ұшақты шырқ үйірген Кожедубті біздің Уəкең шыр айналдырды. Жиналған жастар Кожедуб пен Қалижановтың жарасымды қалжыңына куə болып тұрған сəтте маңайда жүрген фототілшілердің бірі фотомылтығының ұңғысын кезеді. Сол күндері аттай қалап, арнайы шығартқан осы суретті бүгін тура отыз бір жыл өткенде кездейсоқ тауып алғаным...

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

Пікірлер