Жеңісті күндердің жаршысы

2126
Adyrna.kz Telegram

Сырбаз студент... Айтулы айтыскер... Жүйрік журналист... Күміс көмей комментатор... Телеарнаға басылымнан барды. Барды да алапат қуат әкелді. Амангелдімен бірге тікелей эфирге түйдек-түйдек тіркес келді. Оның теледидардағы құнарлы тіліне әйгілі академик Рәбиға Сыздықованың өзі назар аударды.

Бітімі бөлек біртуар баланы бауырға тартып, үнемі тілек қосты. Амангелді де апайына құлақ қойды. Ол ұлт ұланының байрақты бәсекелердегі кез-келген жеңісіне шексіз қуанды. Тіпті сол қарадомалақтар жеңіліс тапқанның өзінде жігерлендіріп, жеңісті күндерде жүздесуге шақырды.
Тікелей эфирде бақсыдай ойнайтын санаулы саңлақтың бірі еді. Енді міне, «Жеңісті күндерде жүздескенше!» деген тағы бір телебренд тарихтың қойнауына кетті!
Бақұл бол, ізетті іні, әлеуетті әріптес!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

 

Пікірлер