Дінтанушы түрлі уағыз тыңдап, санасы уланған жігіттің өкініші жайлы айтты

2174
Adyrna.kz Telegram

Шапағат" деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы, дінтану магистрі Серікжан Еншібайұлы "Атырау" басылымына берген сұхбатында адасқан жігіттің тағдыры жөнінде кеңінен айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бастапқы кезде ол жігіт діни сауатын мешіттен ашады. Кейін әлеуметтік желілер ар-қылы түрлі діни топтарға қосылып, уағыздарды тыңдай бастайды. Сөйтіп жүрген кезде ол әйелін, баласын алып, Ресей арқылы Сирия шекарасына өту туралы шешім қабылдайды. Жігітпен арада бірнеше рет жекелеген сұхбаттар құру нәтижесінде, оның діни білімінің төмен екендігі анықталды. Десе де, кейіпкеріміз кезінде Атырау қаласына қарасты Геолог елді мекеніндегі өзгеше ойлайтын топтың ішіндегі лидерлердің қатарында болған", - деген дінтанушы түрлі уағыздарға әбден уланған олар уақыт өте келе мешітке келуді де доғаранын айтады.

"Себебі, олар мешіт имамдары бидғатшы, яғни, дінге жаңалық енгізушілер деген пікірде болған. Осылайша, үйді-үйге жиналып, өзара диалог құру кезінде бұл жігіт бірнеше адамды Сирияға кетуге үгіттеген. Базардың төңірегінде жүріп, біраз ақша жинаған жігіт Сирияға аттанып бара жатқан жерінен ұсталды. Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол дер кезінде теологтарды тыңдамағанына өкінеді. «Бар арманымыз Сирияға аттану болды. Ол кезде баланы да, әке-шешені де, отбасымызды да ойлаған жоқпыз" дейді жігіттің өзі. Сол жігіт көп ұзамай бостандыққа шығады. Қазіргі кезде әйел-баласы оны күтіп отыр. Кезінде радикалды бағытта болған жұбайы да бүгінде дәстүрлі мәзһабқа оралды", - дейді Серікжан Еншібайұлы.


                                                                                                           NUR.KZ

Пікірлер