Тәуелсіздік құрдасы, жырласа жастар жырласын: "ИҚ" түсірген фильм топ жарды

5283
Adyrna.kz Telegram

"Ирина Қайратовна" Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап "Отыздан асып барамын" атты фильм түсірді. Көрермен назарына жол тартқан кинотуындыны қазақстандықтар жылы қабылдап, жақсы пікірлерін аямады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сценарийге сәйкес YouTube желісіне шыққан отандық фильмнің басты кейіпкері Тәуелсіздіктің құрдасы болып табылады. Қазақстан азаттығын алған күні дүниеге келген Азат есімді бала тәуелсіз елімен бірге тәй-тәй қадам басып, ақылды жігіт болып, ата- анасының қуанышы болып, ер жетеді.

"1 сағаттың ішінде Қазақстанда не болғанын көрсету, бұл тек мықтылардың ісі. Керемет!", "Мына фильмнен кейін шын мәнінде елімнің болашағына деген жауапкершілік сезімі оянды. ИК сіздерге үлкен рахмет. Бұл фильм әр 16 желтоқсанда күллі қазақ көретін болар деп ойлаймын! Мен жастарға сенемін...", "Біздің уақыт келді, өзіміз өзгермесек ештеме өзгермейді", " Тәуелсіздікке 30 жыл болды, ұры-қарылардан арылайық жастар. Қазақстанның дамуы өзіміздің қолымызда. Тәрбие тал бесіктен мәдениетімізді көрсету үшін өзімізден бастайық", — деп жазды желі қолданушылары.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер