Зейнетақы өсті, әйелдердің зейнет жасы ұлғайды

6650
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 60,5 жасқа дейін көтерілді. Былтыр қазақстандық әйелдер зейнеткерлікке 60 жастан шыққан болатын. Жыл сайын жарты жыл қосылып, 2027 жылы әйелдер  63 жаста зейнетке шығатын болады.  2027 жылы ер мен әйелдің зейнет жасы теңеседі. 

Кезең-кезеңмен зейнет жасы келесідей болмақ:

2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас.

2022 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы да артады. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 19 450 теңгеге дейін ұлғаяды. 2021 жылы ол 18 524 теңгеге тең болған еді. Ең төменгі зейнетақы 46 302 теңгені құрайды, ал былтыр оның мөлшері 43 272 теңге болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер