Мәскеуде танымал қазақстандық спортшыны атып кетті

2490
Adyrna.kz Telegram

16 ақпанда Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр.

Көпшілікке "Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер