Ердоған Тоқаевқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

2682
Adyrna.kz Telegram

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алғыс хат жолдады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз хатында Ердоған түрік халқының атынан және жеке атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияның Кахраманмараш провинциясы мен басқа елді мекендеріне орасан зор шығын әкелген жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтқаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ бауырлас елге шұғыл көмек көрсеткені үшін рақметін білдірді.

"Табиғи апат кезінде дос елдердің ынтымақтастығы бізге барлық қиындықтарға төтеп беруге күш береді. Қазақстанның көмегі жер сілкінісінің ауыр зардаптарымен күресуде халқымызға үлкен қолдау болды. Біз құтқаруды ризашылықпен еске аламыз  және үйінді астында қалған адамдарды құтқаруда жанқиярлық пен батылдық танытқан іздестіру тобына алғысымыз шексіз», - делінген хатта.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер