Зілзаладан кейін. Түркияда президент сайлауы басталды

1877
Adyrna.kz Telegram

Түркияда президент сайлауы басталды. Мемлекет басшысы болуға үш үміткер таласуда, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Оның бірі - қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған.

Түркия азаматтары үш кандидаттың біріне дауыс бере алады: 

  • Елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған; 
  • Алты оппозициялық партияның коалиция кандидаты және Республикалық халық партиясының төрағасы Кемал Кылычдароғлу; 
  • "Ататүрікшілер альянсынан" үміткер Синан Оган. 

Төртінші үміткер Мухаррем Инже сайлауға үш күн қалғанда президенттік сайлаудан шығып қалды. Инс президенттік жарыстан бас тарту себебін оған әртүрлі арандатушылық пен жалған ақпарат түріндегі шамадан тыс қысым деп атады. 

Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткен жағдайда бұл оның үшінші рет президенттікке сайлануы болмақ. Ол алғаш рет мемлекет басшысы лауазымына 2014 жылдың тамызында келді. 2018 жылы 24 маусымда елімізде өткен президенттік сайлауда ол 52,59 пайыз дауыс жинап, осы лауазымға қайта сайланды. 

Сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін мемлекет басшысы лауазымына үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Әйтпесе, сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған біріншісінде ең көп қолдау тапқан екі үміткер қатысады.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын ең ауыр жер сілкінісі болды, салдарынан 40 мыңнан астам адам қаза тапты.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл жер сілкінісі Түркия тарихындағы ең жойқын табиғи апат екенін айтты. 1939 жылғы жер сілкінісінен асып түсті. Түркияда болған жер сілкіністері әлемде бұрын-соңды тіркелген ең ірі жер сілкіністерінің ондығына кірді.

Зілзала тек тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар тарихи және мәдени құндылығы бар шіркеулерді, мешіттерді, ғимараттарды қиратты.

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, жер сілкінісінен келген тікелей мүліктік залал 34,2 миллиард долларды құрайды.Түркия Қаржы министрлігі залал сомасы 2 триллион лира (105 миллиард доллар) немесе 2023 жылғы ұлттық табыстың 9%-ы деп есептейді.

Осыншама шығындарға қарамастан, Түркия президенттік және парламенттік сайлау өткізуде.

Пікірлер