Ұлытау прокуроры Жарқынбек Бақашбаев қызметінен кетті

1797
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Бақашбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы облыстық қадағалау органының баспасөз қызметі мәлімеді.

«Бас прокурордың бұйрығымен Ұлытау ауданының прокуроры Бақашбаев Жарқынбек Кендірбекұлы бас прокуратурада басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды», - деп хабарлады сәрсенбі күні аудан прокуратурасы.

Бақашбаев 2022 жылдың шілдесінен бастап Ұлытау прокуратурасын басқарды. Бұған дейін ол Бас прокуратурада басшылық қызметтерде (2017 жылдың қарашасынан 2022 жылдың шілдесіне дейін) жұмыс істеген, оған дейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары болған.

Пікірлер