Министрдің уәдесін директор жоққа шығарды

1666
Adyrna.kz Telegram

Осыдан екі ай бұрын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшаларды қазақ тіліне көшіру жоспары барын айтқан болатын. Министрдің бұл мәлімдемесі көпшіліктің қолдауына ие болып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып еді. Әйтсе де министрлікке қарасты Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамовамұны «Бір күнде іске асырылатын нәрсе емес»деп отыр. Бұл мәселеге байланысты министрге сенеміз бе, жоқ әлде директордың дегені орынды ма?

«ҚАЗАҚ БАЛАБАҚШАЛАРЫНА СҰРАНЫС БАР»

Ғани Бектайұлының айтуынша, еліміздегі 11 мыңнан аса балабақшаның тең жартысы мемлекеттік балабақша.

«Сондықтан жалпы ашылатын орынды, қажеттілікті де көріп отырмыз. Қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік те, сұраныс та бар. Жалпы, мемлекеттік балабақшалардың барлығын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толыққанды іске асыруға болады деп есептейміз», - деді ол.

Бүгінде бұл мәселемен Мектепке дейінгі білім беру департаменті айналысып жатқанын айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттік тілде балабақшалардыұйымдастыру ешқандай қиындық туғызбайды депесептейтінін жеткізді.

«Өйткені тәрбиешілердің жеткілікті саны бар. Сұраныс та бар. Мамандардың біліктілігінеқатысты айтсақ, оларды оқытудан өткізу, дайындау, қосымша мамандар, логопедтер керек. Солардыңбәрін дайындау мәселесі қазір қосымша қолғаалынады, - деп атап өтті министр.

БАҚ өкілдері бұл жұмыс қашан аяқталатынын сұрады.

«Үздіксіз жүретін дүние ғой. Бұл жұмыс басталыпжатыр. Балабақшалар ашылған сайын оның қазақтілінде болуы қамтамасыз етіледі», - деп түйіндеді Ғани Бейсембаев.

ДИРЕКТОР НЕГЕ СӨЗБҰЙДАҒА САЛДЫ?

Дүйсенбі күні ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде  «2023-2024 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Аталған жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамоваға «Министр айтқан 100 пайыз мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақша қай жылдан басталады?» деп сұрақ қойдық.

«Бүгінгі таңда 69 пайыз балабақшаларымыз қазақ тілінде тәрбие беріп жатыр. Бұдан екі жыл бұрын мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақшалардың үлес салмағы 65 пайыз болған. Жалпы бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2022-20323 жылғы оқу жылында қабылданған біздің негізгі нормативтік құжаттарымыздың негізінде бағдарламаға қосымша сөздік минимумы әзірленген. Бұл қазақ тіліндегі сөздік минимум қазіргі таңда педагогтардың, жалпы балабақшадағы барлық персоналдың таңертеңнен кешке дейін баламен сөйлескен уақытта сөздік қорын қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек бала тәрбиесін қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс жүргізіледі яғни өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген шараларды ұйымдастыру  қарастырылған. Сонымен қатар қазір ашылып жатқан балабақшаның барлығы өз тілімде тәрибиелейтін балабақша болуына назар аударылуда», – деп жауап берді.

Манара Еленкенқызы нақты сұраққа ашық жауап бермеген соң «Министр айтқан 100 пайыз мемлекетттік тілде тәрбие беруге қашан көшеміз? 2025 жылы көшеміз бе, жоқ әлде 2030 жылы көшеміз бе? Министр айтқан уәденің мерізімін айтыңыздаршы...», деп айтуға тура келді.

«Енді сіздің айтып отырған 100 пайыз деген нәрсе... Оның артыңда әр бір баланың тағдыры бар, әр бір отбасының сұранысы бар. Сондықтан ол бір күнде іске асырылатын нәрсе емес шығар.  Алдағы уақытта осы ата-аналардың тарапынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қай тілде олардың баласына тәрбие қажет? Осыған байланысты бұл сұраныстың барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады», – деді ол.

«БАЛА МЕН АТА-АНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТРЕСС АЛАДЫ»

Оқу-ағарту министрі мен Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директорының пікірі мүлде басқа болып тұрғаны қалай? Сонда ҒаниБейсембаевтың «Балабақшалар ашылған сайын оның қазақ тілінде болуы қамтамасыз етіледі»деген мәлімдемесі жоспарланбай айтылған пікір ме? Бұл сұрақты Манара Адамованың өзіне қойдық.

«Неге ойласпай, жоспарланбай айтылған нәрсе? Олай деп айта алмайсыз. Себебі біз өзіміздің тарапымыздан іске асырылып жатқан қадамдарды туралы айтып отырмыз және сізге қазір мен сандық мәліметтерді келтіріп отырып, бұл бағытта жұмыстар жүріп жатқандығын айтып отырмын. Сондықтан 100 пайызға жететін уақытта келеді. Ол енді алдағы 3 жыл бола ма, 5 жыл бола ма, оның бәрі уақыттың еншісіндегі нәрсе. Біздің қоғамның және ата-аналардың өзінің дайындығына да байланысты. Себебі қазіргі кезде басқа тілде тәрбиелейтін балабақша барып жатқан балаға да, ата-анаға да психологиялық стресс немесе бір қолмен алып, бүгін жауып тастайтын нәрсе емес. Сондықтан бұлардың барлығы кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын нәрсе. Алдымен бірінші қадам жаңадан ашылып жатқан балабақшалар мемлекеттік тілде болуы және екінші қадам бізде аралас тілде тәрбиелейтін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әуелі қазақ тілді топтың ата-аналардың сұранысына сәйкес көбейту, негізгі тілдік ортаны қазақ тілді етіп қалыптастыру керек. Дәл осылай кезең-кезең бойынша атқарылатын нәрсе», – деп жауап берді.

Серік Жолдасбай

Пікірлер