Жетісу облысында мемлекет өнеркәсіпті ынталандыру шараларын қолдана отырып, кәсіпорын шығындарының бір бөлігін өтеп бермек

772
Adyrna.kz Telegram
en.kr82.ru
en.kr82.ru

Жетісу облысында мемлекет өнеркәсіпті ынталандыру шараларын қолдана отырып, шығындардың бір бөлігін өтеп бермек. Олар отандық өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Ал бұл мүмкіндікті пайдалану арқылы өнеркәсіптер өз бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шығындарды өтеу арқылы кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттыра алады, технологиялық процестерді жетілдіріп, цифрлық технологияларды енгізе алады. Сондай-ақ өз өнімдері мен қызметтерін ішкі нарыққа шығара алады. Бұл шаралар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елішілік құндылықты арттыруға ықпал етеді.

Шығындарды «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өтейді.

Бірінші. Өнеркәсіп орындарының басшылары еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім бере алады. Атап айтқанда, бұл - қызметкерлердің құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындар. Мемлекет шығындардың бұл түрлері бойынша 40 % өтейді (30-дан 60 млн теңгеге дейін).

Екінші. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өз тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарды өтеуге өтінім бере алады. Бұл өнімнің сертификаттық және зертханалық сынақтарын, соның ішінде сертификаттарды тіркеу, сынақ нәтижелерін сараптауды жүргізуге кететін және аяқ киім өнімін таңбалауға кететін шығын болуы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекет шығындардың 50% өтей алады (3000-нан 10 000 АЕК-тен аспайтын).

Өтінімдер мен қоса берілетін құжаттар жыл бойы QazIndustry порталында www.qazindustry.gov.kz («бизнесті ынталандыру» бөлімі) онлайн түрде  қабылданады.

: Осы жылдың қаңтар-шілде айларында QazIndustry отандық кәсіпорындардың 186 млн теңгеден астам шығынын өтеді. Мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында ондаған кәсіпорын өз қызметкерлерінің құзыретін арттырып, өндіріс көлемін және өнім ассортиментін кеңейтіп, экспортқа шығуда.  

Пікірлер