Тұңғышбай Жаманқұлов "Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

1724
Adyrna.kz Telegram

Өнер әлемінде бірнеше жыл бойы көрерменнің көзайымына айналған Қазақстанның халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Актер, режиссер, профессор, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық әртістерінің бірі Тұңғышбай Жаманқұлов Ташкент қаласында марапатқа ие болды.  Өнер әлемінің майталманы тек Қазақстанда емес, "Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін" жоғары марапатына ие болды. Аталмыш марапатты Түрксой ұйымының төрағасы арнайы табыстаған.

Бұл туралы журналист Үкілай Бестай Facebook парақшасында бөлісті:

"Сүйінші! Ташкентте өтіп жатқан кинофестивалде профессор-ұстазымыз, Қазақстанның халық артисі - Тұңғышбай Жаманқұлов “Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін” жоғары марапатын алды. Құтты болсын, ағайын! Қазақ елінің аты шыға берсін, елдің мерейі өсе берсін!", - деп жақсы жаңалықпен бөлісті.

Пікірлер