Шымкентте басқарма басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

1556
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Шымкентте басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде»,—делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер