Боксшы Қанат Ислам Президенттен көмек сұрайды

4505
Adyrna.kz Telegram

Боксшы Қанат Ислам Президенттен көмек сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кәсіби бокс кештерін өткізе алмай жүргенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы мемлекет басшысына бейне-үндеу жасады.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Менің атым Қанат Ислам, мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясымыз 2016 жылдан бастап кәсіби бокс кештерін өткіземіз, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы көрсетіп, осындай кештердің бірінде алғаш рет дебют жасадық. 2019-2020 жылдардан кейін әр түрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмаймыз. Сіздер осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін жеке қолдап, бақылауға аласыздар деп үміттенеміз", - деді боксшы.

Сондай-ақ бірнеше жарыстың жеңімпазы Қанат Ислам 3-4 ай бұрын боксшылар кәсіби бокс кешін өткізуге көмек сұрап хат жазғанын атап өтті. Алайда былғары қолғап иелеріне ешқандай жауап келмеген болып шықты.

 

Пікірлер