"Ордабасы" құрамасы Қазақстан чемпионы атанды

1301
Adyrna.kz Telegram
 Instagram/fc__ordabasy
Instagram/fc__ordabasy

"Ордабасы" тарихта тұңғыш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Zakon.kz-ке сілтеп.

Шымкенттік"Ордабасы" футбол клубы 2023 жылдың 22 қазанында өз тарихында бірінші рет чемпион атағына жетіп, турнирдің алтын медалін мерзімінен бұрын жеңіп алды.

"Ордабасы" ұжымы 25-турдың қорытынды матчында қарағандылық "Шахтермен"кездесті. Оңтүстік спортшылары жақсы ойын көрсетіп, титулды жеңіп алды.

"Ордабасы" құрамасы мен "Шахтер" командасының ойыншылары арасындағы тартысты бәсеке 3-1 нәтижесімен аяқталды.

Пікірлер